«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Сағашилі жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
КГУ «Сагашилиская общеобразовательная средняя школа» ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»
Кітапхана
Мақсаты:
Оқу барсын қалыптастыруға, ақпаратқа қол жеткізуге оқушыларды үйрету.
Міндеттері:
Кітапқа деген оқырмандардың жан-жақты сұранысын қанағаттандыру және қызықтырып, оларды кітап оқуға тарту, олардың сапалы білім алуына жағдай жасай отырып, оқуға бейімдеу.
- Кітапхана ережесі мен міндеті
- Негізгі бақылау көрсеткіштері
- Балалардың ынтасы мен оқу ерекшеліктерін зерттеу жұмыстары
- Оқырмандарды кітапханаға қызықтыра отырып әр түрлі жұмыстар жүргізу
- Балаларды адамгершілікке, әдептілікке, елжандылыққа тәрбиелеу
- Кітаптарды құрметтеуге және таза ұстауға үйрету
- Салт-дәстүрімізді, тілімізді құрметтеуге жұмыстар жүргізу
- Активтермен жұмыстар
- Оқулыққа байланысты жүргізілетін жұмыстар
- Жыл бойы мектепте өткізілетін іс-шараларға қатысу
Жас ұрпақтың өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында туған өлке туралы білімін кеңейту, Ондағы мақсат оқушыларға ар-намыс ождан, имандылық, инабаттылық, ата-анаға, Отанға, Туған жерге деген сүйіспеншілік сияқты асыл қасиеттерін бойына сіңіру.
Мектеп кітапханасының міндеттері мен ережелері.
Кітапхана іші жайлы әрі жарық, баланың кітап оқуына ыңғайлы болуы керек.
Мектеп кітапханасы – мектептің құрамдас бір бөлігі. Ол оқушылардың білім негіздерін үйренуге көмектеседі. Оқу – тәрбие жұмысына белсене араласуына ықпал етеді. Балалардың кітапқа деген талғамын қанағаттандырып отырады. Кітап оқуға құштарлығы бар оқушылардың жаңа ұжымын құрайды.
Кітапханашы жан-жақты тәрбие жұмысын мектеп ұжымымен бірігіп отырып оқырмандардың қоғамдық белсенділігін, шығармашылық дербестігін қалыптастырып отыруға міндетті. Кітапхана балалардың қоғамдық ұйымдармен тікелей байланыста болуы керек. Сондықтан әрбір кітапханашы өз міндеттерін түсініп оқушылардың жүйелі түрде кітап оқуына басшылық жасап отыру қажет. Кітапханаға келушілердің санын арттыру керек.
Р\с |
Жұмыстың мазмұны |
Түрі |
Мерзімі |
Жауапты |
1 |
Аудандық білім бөлімінен келіп түскен жаңа буын оқулықтарын әзірлеу |
Тамыз |
Кітапхана меңгерушісі |
|
2 |
Жаңадан келген оқулықтарға инвентарлық номер қою |
Тамыз |
Кітапхана меңгерушісі |
|
3 |
Алынған кітаптарды әр ғылым саласына қарай бөліп, жиынтық есеп кітабына жазу. 3-17 беттерге мөр басу |
Тамыз |
Кітапхана меңгерушісі |
|
4 |
«Тіл – тірегі елімнің» А.Байтұрсынұлы |
Кітап көрмесі |
Қыркүйек |
Кітапхана меңгерушісі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері |
5 |
«20 минуттық кітап оқу» үзіліс кезінде бір мезетте ұжыммен кітап оқу |
Акция |
Қыркүйек |
Кітапхана меңгерушісі |
6 |
«Ізгілікке қалам тартқан … жас ғұмыр» («балалар кітапханасы» жобасы) |
Кітапханалық сабақ |
Қыркүйек |
Кітапхана меңгерушісі |
7 |
«Бір отбасы – бір кітап» («оқуға құштар мектеп» жобасы) |
Акция |
Қазан |
Кітапхана меңгерушісі |
8 |
2023 жылдың 1 жарты жылдығына баспасөзге жазылуды ұйымдастыру |
Қазан |
Кітапхана меңгерушісі |
|
9 |
Ұлы ғалым, этнограф тарихшы, зерттеуші Шоқан Уәлихановтың туғанына 185 жыл |
Кітап көрмесі |
Қараша |
Кітапхана меңгерушісі |
10 |
«Кітапхана күн шуағы білімнің» (оқуға құштар мектеп) |
Кітапханаға саяхат |
Қараша |
Кітапхана меңгерушісі |
11 |
«Үнемі кітап оқитын адам – табысты адам» («балалар кітапханасы» жобасы) |
Кітапханалық сабақ |
Желтоқсан |
Кітапхана меңгерушісі |
12 |
Көрнекті қолбасшы Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығы |
Кітап көрмесі |
Желтоқсан |
Кітапхана меңгерушісі |
13 |
«Мен оқыған бір ертегі» («оқуға құштар мектеп» жобасы) |
Сурет байқауы |
Желтоқсан |
Кітапхана меңгерушісі Бастауыш сынып жетекшілері |
14 |
«Халық қаһарманы» - Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл |
Кітап көрмесі |
Желтоқсан |
Кітапхана меңгерушісі |
15 |
«Мақал сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы» («балалар кітапханасы» жобасы) |
Интелектуалды ойын |
Қаңтар |
Кітапхана меңгерушісі |
16 |
«Абай халықтың Ұлы Абайы» Абай күні |
Кітап көрмесі |
Қаңтар |
Кітапхана меңгерушісі |
17 |
«Қазақ даласының ұлы тұлғалары» («балалар кітапханасы» жобасы) |
Кітапханалық сабақ |
Қаңтар |
Кітапхана меңгерушісі |
18 |
«Асқақ арманды ақын» Сұлтанмахмұт Торайғыров 130 жыл |
Кітап көрмесі |
Қаңтар |
Кітапхана меңгерушісі |
19 |
«Мұқағали жырлары» М.Мақатаевтың туғанына 90 жыл |
Онлайн байқау |
Ақпан |
Кітапхана меңгерушісі |
20 |
28 ақпан – Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл |
Кітап көрмесі |
Ақпан |
Кітапхана меңгерушісі |
21 |
«Асыл сөздің алып нары – Темірбек Жүргенов» туылғанына 125 жыл |
Кітап көрмесі |
Ақпан |
Кітапхана меңгерушісі |
22 |
«Мың алғыс, ,,, («балалар кітапханасы» жобасы) |
Кітапханалық сабақ |
Наурыз |
Кітапхана меңгерушісі |
23 |
«Алаштың сөнбес жұлдызы» Мағжан Жұмабаев 130 жыл |
Кітап көрмесі |
Наурыз |
Кітапхана меңгерушісі |
24 |
«Адамдық борыш ар үшін» («оқуға құштар мектеп» жобасы) |
Кітапханалық сабақ |
Наурыз |
Кітапхана меңгерушісі |
25 |
«Балдәурен балғын шақ» 2 сәуір Халықаралық балалар кітабы күні |
Кітап көрмесі |
Сәуір |
Кітапхана меңгерушісі |
26 |
«Кітап алтын қазына» |
Шығарма байқауы |
Сәуір |
Кітапхана меңгерушісі |
27 |
«Өшпестей із қалдырған бұл өмірде» Кемел Тоқаев |
Кітап көрмесі |
Сәуір |
Кітапхана меңгерушісі |
28 |
Қазақтың атақты палуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 150 жыл |
Кітапханалық сабақ |
Сәуір |
Кітапхана меңгерушісі |
29 |
«Ұлттар достығы» («балалар кітапханасы» жобасы) |
Кітап көрмесі |
Мамыр |
Кітапхана меңгерушісі |
30 |
«Оқы және өзгеге ұсын» «Буккросинг» акциясын ұсыну |
Акция |
Мамыр |
Кітапхана меңгерушісі |
31 |
«Мектептегі жыл оқырманы» |
Байқау |
Мамыр |
Кітапхана меңгерушісі |
Кітапхана меңгерушісі: А.Аймұратқызы
«Сағашилі жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Сагашилиская общеобразовательная средняя школа»
ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»